Previous Page  246 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 246 / 382 Next Page
Page Background

248

Хикмет

баспа үйі

берейін. Халал болсын, ақшасы керек емес,» - дегені-

мен ол ғаріп адам:

«Жоқ, балам, төрттен бірі жетеді... Бәлкім, тағы

үш пақыр келер. Әрі төрттен біріндей ғана бетім-

ді қызарта аламын. Артығына шыдай алмаспын.

Төрттен бірін де ертең борышымды қайтару шарты-

мен аламын» - деді.

Наубайшы таңдана ширек нанды ұстатты. Нанды

сүйіп алған адам, ақырын әрі үнсіз қадам басып, ол

жерден алыстады. Алдындағы көшенің басынан бір

ит шықты. Жалбарынған көзбен аш екендігін білдір-

гендей, қартқа қарады. Нүр жүзді мүбәрәк адам:

«Демек, жартысы сенікі екен!»-деп, ширек

нанныңжартысын итке берді. Сосын мешітке бет

алды. Қолында қалған бір жапырақ нанмен бірнеше

жүтым сумен аузын ашты. Осы нығметтерді берген

Аллаһқа шүкіршілік етті.

Ертеңінде бір дүкенші:

«Ата, мына қарсы алдымыздағы шүмектен ыды-

старымызды толтыр, сосын жаңадан келген мына

заттарды ішке тасы!»-деп, осылардың ақысына бір

теңге берді.

Ғаріп адам дереу наубайханаға бет алып, ши-

рек нанның бағасы 250 тиынды ұсынды. Наубайшы

қаншалықты апғысы келмегенімен де, нұр жүзді

адамның өтінішіне қарсы түра алмады; көздері жасқа

толып, нанның бағасын қабылдауға мәжбүр болды.

Міне, бұл мысалдағыдай шынайы түрде қайтару

ниетімен қарыз алған адамға Аллаһ Тағала төлеуіне

қолайлы жағдай тудырады. Егер қарыз алушы адам