Previous Page  235 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 235 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

237

шұңқырға салатын. Сосын сол аумақтың адал

пақырлары қажетінше сол жерден алатын, артығына

тиіспейтін. Әсіресе мұқтаж болса да қайыр сұраудан

именгендер түн ортасында тастың қасына ақша алуға

келетін, қажетінше алатын. XVII ғасыр Ыстамбулын

түсіндіргенбірфранцузкезбесі үстінде ақшасыбар бір

тасты тура бір апта бақылағандығын, бірақ сол жер-

денақша алуғакелгенешкімді көрмегендігінжазады.

Риуаятқа қарағанда, Ыстамбулда төрт жерде садақа

тасы бар болған. Үскідарда Гүлфәм Хатун мешітінің

ауласында, және Үскідарда Доғанжыларда, Каража-

ахметте және Кожамұстафа пашада.

Атақты аталардың мұндай қызметті не үшін

жасағандығы мәлім... Бірақ, әрбір қоғамда және

әрбір дәуірде кедейлер мен пақырлар үнемі орын ала-

ды. Сондықтан аят кәримәде айтылған:

«Байдыңмалындапақырдыңхақыбар»

(Зарият сүресі

19; Мәариж сүресі 24-25)

қағидасын көңіліміздің дәстүрі

етіп, «садақа тастарынан қорларға» созылған қайыр

жарысын жалғастырсақ, арлы мұқтаждардың намы-

сын қорғаймыз. Кешегі кейде беру, кейде алу үшін

садақа тастарына созылған қолдардағы шынайылық

пен ықыласты сақтауымыз керек... Көңіліміз бір

садақа тасына айналуы керек. Мүқтаж адам бізге

бір ана құшағының жылылығын сезініп жақындай

алуы керек. Біз де қолымыз ашық және жомарт бо-

лып, «Рәззақ» болған Р ббымыздың бір құлы ретін-

де шүкіршілік сәждесіне баруымыз керек. Дүниелік

және ақыреттік қағидамыз:

«Адамдардың ең қайырлысы - адамдарға ең пайда-

лысы»

(Суюти, әл-Жамиус-Сағир, II, 8)

баянымен: