232
Хикмет
баспа үйі
оның бақшасының ішіндегі үйінде отбасымен бір-
ге отыратындығын айтады. Осы қайырдан, яғни
Аллаһқа борыш беру сөзінен кейін Әбу Дәһда үйіне
келіп, әйеліне:
«Ей, Дәһданың анасы! Бұл бақша мен үйді босата-
мыз. Өйткені, мен бұл бақты Аллаһқа борышқа бер-
дім...» - дейді.
Әйелі оған:
«Әй, Әбә Дәһда! Өте пайдалы бір сауда жасаған
екенсің!»-деп жауап береді.
Содан кейін заттары мен балаларын алып,
бақшадағы үйді босатады.
(Табери, Тәфсир, II, 803; Хаким,
Мүстәдрәк, II, 24)
Міне, осы ой мен парасаттылық дәуірлеп түрған
әр дәуірде мүминдер қоғамы үнемі шаттық пен
бақыттылық ішінде емір сүрген әрі дүниелері
мен ақыреттерін қорғаған. Мына бір оқиға да осы
ақиқаттың көз шағылыстыратын бір көрінісі:
Елие Кедоурие жазған, Османлының соңғы ке-
зінде Англияның Таяу Шығыс саясатына байланы-
сты кітабының бір қосымшасында айтылғанына
қарағанда, XIX ғасырдың аяқ шенінде Шығыс
Анатолияда қатты құрғақшылық пайда болған
еді. Ағылшындар құрғақшылықты пайдаланып,
сол жерде Османлыға қарсы наразылық тудыруды
көздеп, сол жерге бір жансыз жібереді. Жансыздың
жасаған зерттеуінің нәтижесінде байқаған шындық
өте ғибратты еді. Есепте (рапорт) былай делінеді;
«Бұл жерде қүрғақшылық бар, бірақ аштық жоқ!
Барлық адам бір-біріне қамқор болып, көмектесуде.