230
Хикмет
баспа үйі
«...Намазды оқыңдар, зекет беріңдер, Аллаһқа
көңіл ризашылығымен борыш
(ізгі қарыз)
беріңдер.
Өздеріңүшіналдынала
(дүниедежүргенде)
қандай із-
гілік өзірлесеңдер, Аллаһ алдынан онан да қайырлы,
онан да зор сыйлық түрінде табасыңдар. Аллаһтан
кешірім сұрандар, шүбәсіз, Аллаһ тым кешірімді,
ерек мейірімді».
(Мүзәммил сүресі 20)
Аллаһ Тағала үлы ризашылығы жолында құлдың
қайырын ізгі қарыз ретінде қабылдап, адам баласы-
на ерекше бір сый беруде. Әрине, таза ниетпен және
бұл дүниеде ешқандай жеке пайда күтпей, рия мен
атақ ниетінсіз берілу шартымен. Сол үшін берілген-
нен кейін рахмет күтпеу керек және тек қана Аллаһ
ризашылығы үшін жүмсалуы керек. Хазіреті Әли
мен Хазіреті Фатиманың (радиаллаһу анһумә) бір
қайырына байланысты Құран Кәримде айтылған:
«Өздері мұқтаж бола тұра, тамақтарын пақырға,
жетімге не тұтқынға береді және оларға: «Мұны сен-
дергеАллаһризашылығыүшінбереміз,сендерденақы
мен рахмет күтпейміз. Біз Раббымыздың қаһарлы,
бәлелі бір күнінен қорқамыз.»-дейді. Аллаһ та олар-
ды сол күннің жамандығынан қорғайды. Жүздерін
жарық қылып, көңілдеріне қуаныш ұялатады»
(Ин-
сан сүресі 8-11)
деген аят кәримәдегі қағидаға бағыну ке-
рек.
Бұл аят кәримәлерде қайырға байланысты мына-
дай мәселелерге тоқталады:
Мүмин бауырын өзінен де лайық көру - исар.
1. Фәни мен дүниеуи мақсаттар үшін емес Аллаһ
ризашылығы үшін қайыр беру.