Previous Page  229 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 229 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

231

2. Қияметтің қорқынышынан қайыр арқылы

қорғану.

3. Ықыласпен жасалған қайырдың Хақ Тағала

алдында қабыл болатындығы және иесінің жүзін

жарқын ететіндігі.

4. Мүминдердің осы сияқты салих амалдарды

істеуін қалауы.

Міне, Аллаһқа осылайша берілген борышқа

Аллаһ Тағала оны еселеп, ақысын береді. Және бір

аят кәримада Хақ Тағала осылайша берілген ізгі

қарыздың абзалдығын былайша баяндайды:

«...Егер намазды дұп-дұрыс оқып, зекет беріп,

пайғамбар-ларыма сеніп, оларды қуаттасаңдар

және Аллаһқа жақсы борыш берсеңдер, ант етемін,

сендердің күнәларыңды жауып, сендерді астынан

езендер ақдан жәннәтқа кіргіземін...».

(Мәйдә сүресі 12)

Ибн Мәсғудтың (радиаллаһу анһу) риуаяты бой-

ынша Әбу Дәһда әл-Әнсари Аллаһқа жақсы бо-

рыш беру хақындағы аят кәрималар түскен кезде

Расулуллаһтан:

«Уа, Расулуллаһ! Аллаһ бізден борыш сұрай ма?»

- деп сұрады. Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм):

«Иә, Уа, Әбу Дәһда, Аллаһ борыш сұрайды!»

- деп жауап берді. Сонда Әбу Дәһда (радиаллаһу

анһу), Хазіреті Пайғамбардан (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм) қолын созуын сұрап, оның қолын алып:

«Мен бағымды Аллаһқа (ізгі қарыз) борыш етіп

бердім!» - деді.

Ибн Мәсғуд (радиаллаһу анһу) Әбу Дәһданың

бақшасында 600 құрма ағашы болғандығын және