Хикмет
баспа үйі
233
Сол себепті қүрғақшылық аштыққа айналмайды.
Сондықтан осындай күшті қоғамдық қүрылыс ішін-
де құрғақшылықты пайдаланып, наразылық туды-
ру мүмкін емес».
Шүбәсіз, бұл жоғары денгей, мүқтаждық пен
пақырлықтың шегіне жеткен сәттерінде және қиын
кездерде қайырдың мәніне назар аударған аят
кәримәлердін мағынасын түсініп, өмір сүре білудің
дүниеуи сыйы мен берекесі. Аллаһ Тағала бұл тура-
сында босаңдық пен ғапылдық көрсетілмеуі үшін біз
құлдарына былай ескерту жасайды:
«Сендерге не болған, Аллаһ жолында қайыр
(садақа) жасамайсыңдар? Алайда, көктер мен жердің
мирасыАллаһтікі. Іштеріңнен, жеңістен бүрынқайыр
бергендержөне соғысқандар (басқаларымен) бір емес.
Міне, олар дәрежесі жағынан кейіннен қайыр берген-
дер мен соғысқандардан да жоғары. Сонымен бірге
Аллаһ әр біреуіне ең жақсысын уөде еткен. Аллаһ
істегендеріңнен хабардар».
(Хадид сүресі 10)
Яғни Аллаһ Тағала, әсіресе, Ислам мен
мұсылмандардың ауыр кездерінде құлдарынан
жанқиярлық істер талап етеді. Құлдардың бұл
жанқиярлықтарын Құранның сөзімен айтқанда «ізгі
қарыз» деп атаған.
Бізге аманат ретінде берілген мына тән, жан
мен мал қолымызда мәңгілік түрмайтындығын
үмытпауымыз керек. Әлбетте, бір күні бәрімен бірден
қоштасамыз және барлық нәрсе, мүліктің нағыз иесі
- Аллаһқа қалады, яғни соған қайтады. Сондықтан
қазірден бастап, яғни тірі кезімізде осы аманат-
тарды Аллаһ жолында орындарына тапсыруымыз