234
Хикмет
баспа үйі
керек, сонда ғана мәңгілік сыйға қол жеткізе ала-
мыз. Біз тапсырмасақ та, олардың нағыз иесі Аллаһ
Тағала, дүниемен қоштасқан сәтімізде бізден онсыз
да барлық нәрсені қайтарып алады. Бірақ, арасында
үлкен айырмашылық болады. Бірінші түрде, яғни
қайырға жұмсаған жағдайда Аллаһ Тағала жер мен
көктіңқазынасы - ұлызатынатән болса да, мұныөзіне
берілген бір борыш түрінде қабылдап, ақысын еселеп
қайтарады. Екінші түрде, яғни қайырға жұмсамаған
жағдайда, қолымызға ештеңе түспейді, бірақ сол
малдың жауапкершілігін көтерген боламыз. Хазіре-
ті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өмірін
қайырдан аулақ өткізгендерге былай ескертеді:
«Адамбаласы«Малым,малым» -
дейді.Ей,Адамба-
ласы! Жеп тауыскан, киіп ескірткен және садақа ре-
тінде беріп, сауап алу үшін алдын ала жібергеніңнен
баскд малың бар ма еді?!»
(Муслим, Зүһд, 3-4; Тирмизи, Зүһд,
34)
Хазіреті Мәуләнә да Мәснәуиінде қандай жақсы
айтады:
«Өлім періштесі ғапыл бір байдың құлағын созып,
(яғни жанын апып), оны өмір түсінен оятқанда
шындығында иесі болмаған бір мал үшін байдың тірі
жүргенде жоғалтып алу қорқынышын тартқанына
өзінің де күлкісі келеді».
Хазіреті Айшадан (радиаллаһу анһә) риуаят етіл-
гені бойынша Расулуллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) отбасы бір қой сойған еді. Көптеген адамдарға
қайыр берген соң Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) қой етінен қанша қалғанын
сүрайды: Хазіреті Айша (радиаллаһу анһә):