Previous Page  313 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 313 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

315

Баязид Бистами (құддисә сирруһ) бір сапар ке-

зінде ағаштың астында аздап дем алған соң, жолын

жалғастырады.

Жолда келе жатып, дем алған жерден қоржынына

шығып кеткен бірнеше құмырсқаның жүргенін

көреді. Оларды мекендерінен айырып, жырақта өмір

сүргізбеу үшін соншама жолды қайта айналып, дем

алған жерге келіп, құмырсқаларды бұрынғы жеріне

тастайды.

Баязид Бистами кейбір сәттерде иләһи махаббат-

тан сезімталданатындығы соншалық, Жаратылушы-

сына құрметтен бүкіл жаратылыстың әр біреуінің

қасіретін сезетін.

Бір күні көз алдында адамдар бір есекті ұрғаны

соншалық, жануардың арқасынан қан саулады. Сол

кезде Баязид Бистами Хазіретінің де балтырынан

қан аға бастады...

Бұл жағдай, Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) мына бір көркем ахлағының бір

көрінісі:

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм) Мәдинада, қүрма бақтарының ішінде дем

алып, тәфәккүр ету үшін Әнсардан бір сахабаның

бағына барды. Сол жердегі бір түйе Расулуллаһты

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көрген кезде боздап,

адам сияқты жылап, көздерінен жас ақты. Хазіреті

Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да түйеге

жақындап, көзінің жастарын сүртті, сипап, жануар-

ды тыныштандырды. Сосын түйенің иесіне:

«Аллаһтың саған мүлік етіп берген бул түйе

хақында Аллаһтан қорықпайсың ба? Қара, бұл