314
Хикмет
баспа үйі
Өйткені ол, сізден Ислам атынан жасалынған
мағынасыз бір іс пен, бейне бір қүрғақ пішін көреді.
Бұл сусыз шөлге гүл, жеміс-жидек өсіретін қүнарлрі
жер көзімен қараған сияқгы ғажайып әрі мағынасыз
нәрсе.
Меніңше, иманның барлық тартымдылығы мен
нұры Баязидтің иманында бар. Оның иманының бір
зәрасі бір тамшыға тамса, ол бір теңізге айналады.
Сіздің иманыңыз болса, қабықтың ішінде
болғандықган рия мен көрсетушілікке тәуелді.
Өткінші бір сенім, жағымсыз дауысты, рухсыз
азаншы сияқты, сүйдірудің орнына алыстатады.
Яғни, сіздің иманыңыз гүл бағына кірсе, тікен болып
гүлдерді солдырады.
Бірақ, Баязид Хазіретінің иман күні сол мүбәрәк
рухының нүрлы аспанында туып, осы әлемге сәуле
шашса, бұл мәнсіз дүние, сонау жердің ең түбіне
дейін асыл тасқа айналып, жәннат болады,
мүминдердің көңілдеріде фәйіз көзіне айналады. Сол
үшін Баязидтің иманы мен сенімі менің көңілім мен
жанымда иманға деген шексіз қалау, ынтықтық
пен сағыныш тудырады...»
Міне, Баязиди Бистамидің бір отқа табынушыға
әсер еткен ұлы тұлғасы дінді уағыздайтын адам үшін
бір ғибрат көрінісі!
Сол ұлық Аллаһ досы осы тұлғалықты не арқылы
құрды? Шүбәсіз, Аллаһ пен Расулыға деген ма-
хаббатпен, байланысгіён, Жаратушының көзімен
жаратылғандарға қарау тәсілі, яғни «Аллаһ
жаратқаны үшін мейірімнің» көрінісіне ие болу
арқылы... Мына мысалдар да Хақ досы Баязидтің
кеңіл әлемін көрсетуінде өте ғибратты: