Хикмет
баспа үйі
309
шегіне дейін терең бір көрегенділікпен, түсінікпен,
байыптылықпен көретін.
Оның адалдық шуағында көрсеткен сирек гүлдер
қалампырлар, нәркестер мен сүмбұлдер, көңіл
бағымызға сән берген солмайтын ізгіліктер. Ондағы
Хаққа деген шынайылық - Кітап пен Сүннетті
ұстануы, жасаған қайырларында ата-баба аманаты-
на ие болу, туыстар мен достарға, тіпті достардың до-
старына деген жақын байланыс пен қарым-қатынас,
қор қызметіндегі қажырт.б. мыңдаған пәк халдер;
бізге «Әлмисақта» Раббыға берілген сөздің қалай
орындалатындығы турасында ең тамаша үлгілер еді.
Мұса мырзаның шексіз адалдық қасиеттерінің бір-
нешеуін былай көрсетуге болады:
Ол қоғамда опасыз, жалғыз тасталып, қайғысымен
жеке қалған ғаріп-қарт адамдарды қатты аяйтын:
«Біздің бұл ғаріптерді үйімізде қоныстандырып,
бағуымыз керек. Бірақ, бүған шамамыз келмейді. Олай
болса, бір қайырымдылық үйін (қарттар үйі) салуымыз
керек.»-деп, бірнеше жақындарымен бірге осы тамаша
ойды іске асырған еді. Кейде ғаріптерді зиярат етіп,
олардың қажеттілігін қамтамасыз ететін.
Оның көңілі ауладағы мысықтардың мінезіне дей-
ін жетіп, оларға сипаттарымен ат беріп, күшіктеріне
дегеншынайылықпенмейірімдерінеқарайәрбіреуіне
бөлек қарайтын.
Мен әлі сәби кезімде маған қызмет еткен медбике-
ні елу бес жылдан кейін іздеп тауып, оған сый-сия-
пат, құрмет көрсеткеніне не дерсіз!..
Әсіресе, оның ұстазы Сами мырза Хазіретіне деген
адалдығы аңызға айналған. Айт күні алғашқы зия-