308
Хикмет
баспа үйі
Аллаһ Тағалаға шексіз шүкір, бізді осындай бір
құлдың қасында жылдар бойы бірге болу абыройы
мен берекетіне бөледі. Бұл дара түлға, 1999 жылдың
шілде айында Хақ Тағаланың рахметіне тапсырған,
Сахра-и Жәдид қабірстанында жатқан құрметті
әкеміз Мұса мырза (құддисә сирруһ).
Жаратылыс
жағынан
Әбу
Бәкір
Сыддық
(радиаллаһу анһу) Хазіретінің қазіргі кездегі нағыз
үлгісі, өкілі болған әкеміз, әрі үстазымыз, сүйетіндер
арасында «Сахибул-Уәфа» адал деп танылған еді. Бұл
сез ол ұлы зат үшін, шүбәсіз, себепсіз айтылмаған.
Өйткені, Ол Хақ досы, барлық өмірін ерекше бір
адалдық пен шынайылық ескерткіші болып өткізген
бір көңіл көкжиегі, күндіздің күні, түннің айы еді.
Ол бір тура жолдың жұлдызы, арифтердің сұлтаны
еді.
Ол осы айтылған барлық адалдық көріністерін
көңілінде жинақтаған және де сол себепті «адалдық
иесі» деп аталуға лайық болған қауышу гүлі
еді. Қайтыс болғанына соншама уақыт өтсе де,
көңіліміздегі сағыныш жарасын бір сәтжаза алмады.
Керісінше, одан әрі күшейтті. Өйткені, оның шексіз
адалдыққа ие болған жан дүниесі бізге үнемі адалдық
байланысының, махаббат пен сүйіспеншіліктің ерек-
ше бір тәлім орны еді.
Аллаһ (жәллә жәләлүһү) құлына абырой-
лы қызмет атқару мүмкіндігін берген кезде, оған
бұл іске сай қабілет те береді. Міне, бұл жағынан
қарасақ, Мұса мырзаның бойындағы сырттай және
іштей кәмілдік жан-жақты көрініп түратын еді. Ол
өте ауыр және қиын бір оқиғалардың өзін ең төменгі