Хикмет
баспа үйі
307
т
«Мына әдепсізге жол беріңдер!»-деді. Ит бұл
ашудың мағынасын түсінді, бірақ, бәрі біткен,
істейтін ештеңе қалмаған еді. Тіпті, қасындағылар
патшаға:
«Сұлтаным, үстіндегі әшекей, алтын, күміс - бәрін
алып қалып, солай жіберейік!» - дегенде, патша:
«Жоқ! Жіберіңдер, солай кетсін!» - деді. Артынан
тағы:
«Жіберіңдер, солай кетсін! Солай кетіп, иен да-
лада, күйіп тұрған бос шөлде ғаріп болып, аш,
сусыз қалсын, соларға қарап, жоғалтқан сый-
сияпаттардың қиыншылығын (ауыртпалығын) үнемі
сезіп жүрсін!»
Аллаһ Тағаланың шексіз нығметтерінің қадірін
білмей қүнсыз, фәни және жағымсыз пайдалардың
соңына түсіп жойылып кеткен опасыз адамдардың
хапін керсететін бұл қисса қандай ғибратты! Осы хал-
ге түскен адам ақырында бұлфәни сарпыншақтардың
бос екендігін көреді. Бірақ бәрі біткен болады. Хазі-
реті Мәуләнә былай дейді:
«Опасыздық иттер үшін де бір дақ және айып
болса, сен қалайша адам бола тұра, опасыздық
жасайсың?»
Сол себепті үлкендер Хақ жолаушыларына былай
деп үндейді:
«Ғапылдардың да, салихтардың да жағдайынан
лайықты түрде ғибрат алып, Аллаһқа адал құл болуға
тырыс!»
Иә, барлық мәселе осы: Тек адал құл бола білу.