302
Хикмет
баспа үйі
«Раббың, тек өзіне ғибадат етулеріңді және әке-
шешелеріңе жақсылық жасауларыңды өмір ете-
ді. Егер екеуінің бірі немесе екеуі де, сенің қасыңда
қартайса, оларға қарсы «фу» деме, оларды ренжіт-
пе. Екеуіне де үнемі жақсы сөз айт. Оларға рахым
мен жарқнн көңілділік к^наттарын жайып: «Раб-
бым! Кішкентай кезімде мені
(мейіріммен)
өсіргені
сияқты, Сен де оларға мархамат ет!» - де».
(Исра сүресі
23-24)
Расулуллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мүбәрәк өмірі қаншалықты адалдық үлгілерге толы:
Хазіреті Әлидің (радиаллаһу анһу) анасы Фатима
бинти Әсәд (радиаллаһу анһә), жастық шағында Ха-
зіреті Пайғамбарға туған анасындай қызмет еткен
еді. Осы салих әйел қайтыс болған кезде Расулуллаһ
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жаназаның қасына
келіп, бас жағына отырып, оның жанқияр қызметі
үшін Хақ алдында куәгерлік етіп, былай дейді:
«Ей, анам! Аллаһ саған рахмет етсін. Сен менің
туған анамнан кейінгі анам едің. Өзің аш қалып,
мені тойдырушы едің; өзің кимей, маган кигізуші
едің; өзің жақсы тамақгарды жемей, маған жегі-
зуші едіңжәне осыларды жасаған да, Аллаһтың
ризашылығы мен ақырет мекенін кдлаушы едің».
Сосын Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жаназаның үш рет жуылуын әмір етті. Кезек, кафур
деген жұпар қосылған суға келген кезде Расулуллаһ
(саллаплаһу алейһи уәсәлләм) бұл суды оның үстіне өз
қолымен құйды. Сосын өз жейдесін шешіп, оған ки-
гізді. Жаназа осы жейденің сыртынан кебінделді.