Хикмет
баспа үйі
299
с
Басқа бір мысал:
Худайбия күні Хазіреті Осман (радиаллаһу анһу)
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
атынан елші ретінде Меккеге жіберілген еді. Хазіре-
ті Осман (радиаллаһу анһу) мүшриктерге ниеттерінің
умра жасап, кейін қайту екендігін жеткізді. Бірақ,
мүшриктер сол жылға рұқсат етпеді. Хазіреті
Османға:
«Қаласаң, сен қазір тауап етуіңе болады!» - деді.
Бірақ, өзін Аллаһ пен Расулына арнағандардың
бірі болған Хазіреті Осман (радиаллаһу анһу):
«Хазіреті Пайғамбар Қағбаны тауап етпейінше
мен де ете алмаймын! Мен Бәйтұллаһты тек Оның ар-
тында ғана зиярат етемін. Ол қабылданбаған жерде
мен де жоқпын!» - деп Аллаһ Расулыға (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) деген адалдығын білдірді.
Сол кезде Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) пайда болған оқиғаларға байланысты
сахабалардың келісімін қабылдап жатты. Хазіреті
Осман (радиаллаһу анһу) сол жерде болмағандықтан
келісімнің соңында Аллаһ Расулы (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) бір қолымен екінші қолын ұстап:
«Аллаһым! Бұл да Османның келісімі!» -
деді.
(Бұхари, Асхабун-Нәби, 7; Тирмизи, Мәнәқиб, 18)
Хазіреті Осман (радиаллаһу анһу) ие болған бұл
Пайғамбар ілтипаты ондағы шартымен барлық
үмбетті қамтиды. Біз де көңіліміздегі адалдықпен
Бәй’әтур-Рыдуанда (сахабалар келісім берген жер)
болған барлық сахабалар қауымына жүрекпен
қосылып: