Previous Page  296 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 296 / 382 Next Page
Page Background

298

Хикмет

баспа үйі

Пайғамбарға деген құрмет пен сүйіспеншілікте

тереңнен басталатын бұл адалдық Оның сүннетінің

айналасында көбелекке айналуымен мүмкін болады.

Ол ұлыПайғамбар бізді Аллаһқа жеткізетін, өмір мен

өлім алдында жол көрсетіп, мәңгілік бақыттылық

жолына жарық берген бірден-бір шырағымыз болған.

Оған адалдық пен Оның осы адалдыққа жауабын ба-

яндайтын мына оқиғалар қаншалықты ғибратты:

Ұхуд соғысы мүминдердің зарарына айналған

сәтте мүшриктер Хазіреті Пайғамбарды (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) өлтіру мақсатымен барынша

өлермендігімен шабуылдайды. Тіпті, сол әлемдер

Мырзасының тістерін шейіт етті. Сол ауыр сәтте Ха-

зіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

қасында болған сахабалардың жанқиярлықтары мен

адалдығы теңдесі жоқ аңызға айналар көріністер

түрінде көрінді. Кейбіреуі денесін оған қорған етсе,

енді бірі келген оққа қолын қалқан етіп, ал енді бірі

дүшпанға оқ атып, олардышегіндіруге тырысты. Сол

күні Расулуллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

қасында мүшриктерге мыңдаған оқ атқандығы риу-

аят етілген Са’д бин Әби Уаққас (радиаллаһу анһу) та

сондай жанқиярлық қажыр танытқан еді. Оның осы

жанқиярлығы мен адалдығы үшін әлемдердің мыр-

засы үлкен ризашылықпен былай деп дауыстады:

«Әке-шешем саған пида болсын, ей, Сағд!»

Хазіреті

Әли (радиаллаһу анһу) былай дейді:

«Мен Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм) Сағд бин Әби Уаққастан басқа біреуге әке-

шешесін пида еткендігін айтып, сөз айтқанын естіме-

дім».

(Бұхари, Жиһад, 80; Муслим, Фәдайлус-сахаба, 41/1876)