Previous Page  291 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 291 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

293

«Ей, әнсар! Ондай нәрсе істеуден Аллаһқа сиына-

мын. Мен сендөрдің елдеріңе һижрәт еттім. Менің

өмірім - сендердің өмірлерің. Өлімім де сендердің

цастарыңда».

(Муслим, Жиһад, 86; Ахмед бин Ханбал, Мүснәд, II,

538)

Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өлім

науқасында соңғы рет мешіттің мінберіне шығып,

Мүһәжирлерге:

«Сендерге Әнсармен жақсы қатынасуларыңды

кеңес берем. Олар менің жамағатым, сырластарым

және сенімділерім. Олар өздеріне түскен міндетті

абыроймен орындады. Қызметтерінің ақысы әлі

толықтай өтелген жоқ. (Ақыр тте артығымен

өтеледі.)

Сондықган

Әнсардың

жақрылығына

жақсылықпен жауап беріңдер, жамандық істеген-

дерін кешіріңдер»

(Бұхари, Мәнәқибул-Әнсар, 11)

- деп бұйы-

рып, осы адалдықты ақтық демінде де қайталаған.

Барлық пайғамбарлар, бір жағынан, адамзатқа

адалдықты ең жоғарғы дәрежеде үйреткен бағыт

берушілер деп айтуға болады. Аллаһ Тағаланың ма-

хаббатына ие құл болу үшін һидайят бағдаршымыз

Хазіреті Мұхаммед Мұстафаның (саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм) адалдық турасындағы қағидаларын

көңіліміздің ең дара қағидасына айналдыруға

мәжбүрміз. Бұларды қысқаша былайша реттеуге бо-

лады:

1. Әлемдердің Раббысы Аллаһқа деген опа:

Алғашқы жақындық және соның нәтижесі болған

адалдық, Аллаһқа (жәллә жәләлүһү). Өйткені, Аллаһ

Тағала, ежелде жаратқан рухтарға: