Хикмет
баспа үйі
291
негізгі нәрсе - иман. Бірақ, иманның, сонымен қатар
адалдықтың көрінісі екендігі де ақиқат. Өйткені,
адалдық (опа) уәдеде тұру, яғни берілген сөзде тұру
деген сөз. Иман да рух әлемінде Рабты мақұлдап,
мойындауға осы дүниеде адалдық таныту, яғни
нәтижесі жағынан бір адалдық болып табылады.
Сонымен қатар, опа көрсетутекуәдені ұстау, яжи
берілген сезде түру ғана емес. Ол Хақ алдындағы
шынайылығы мен кеңілін өзгертпеу, әке-шеше-
мізден бастап туыс-туған, дін бауырларымызға,
иман нығметінің бізге дейін жетуіне қызмет еткен
ғалымдар, салихтар, пайғамбарларғадейін іс-жүзінде
немесе көңілмен жақсы байланыста болуға мәжбүр
болған қарыздарлығымыздыжәне көңіл байланысын
орнату, осы халді бір маусым емес -жақсы не жаман
күнде- өмір бойы жалғастыру.
Адалдық сөзі, қарыздар болу, сенімділік пен бағыт
сияқты қасиеттердің бәрінде де матаның бір бетіндей
бірлік, тіпті, кейде ұқсастық мағынасына ие. Осы не-
гізгі қөзқарас тұрғысынан иман қажет еткен әрбір
іс-әрекет, сонымен қатар адалдық мағынасына ие
болғаны сияқты, осы іс-әркеттерге қайшы қимыл -
«опасыздық» болып табылады.
Адалдық пайғамбарларға, әулиелерге және пара-
сатты адамдарға тән қасиет ретінде адами өмірді ең
ұлы дәрежеге шығаратын рухани сипат. Сондықтан
кейбір тәпсіршілер Исламды тілмен мойындаумен
қатар жүрекпен мақұлдау, әрі Аллаһ Тағаланың
барлық тағдырына мойынсұну, әрі адалдык, ретінде
танымдаған.
Көңілін адалдық қайнарынан сусындатқандар от
сияқты нәпсілерін гүл бағына айналдырған деген сөз.