292
Хикмет
баспа үйі
үй
Ішінде зікір гүлдері, тәсбих бұлбұлдары, иман мен
парасаттылықтың көгалы, иләһи сый бәйшешектері
менсалихамалөзендерібаргүлбағы.Мұндайкөңілдің
сыйы да өз халіне сай болады. Бұл еңжоғарғыжәннат
және Аллаһтың дидары. Мұндай көңілдердің алдын-
да от та қасиетін өзгертіп, гүлстанға айналады. Сон-
дай-ақ Ибраһим (алейһиссәләм), Нәмруд тарапынан
таудай алауға тасталған сәтте Аллаһ Тағаланың:َ
��ِ�
َا
�ْ�ِ
إ
�َ�َ� �ً�َ�َ�َ
ْدًا و
�َ� �ِ��ُ�ُ
ر
�َ� �َ�
«Ей, от, Ибраһимге салқын жөне қауіпсіз бол!»
(Әнбия сүресі 69)
әмірімен сол алаулар бір гүлстанға
айналған. Өйткені, Ибраһим (алейһиссәләм), отқа
тасталмас бұрын нәпсінің алауын адалдықтың суы-
мен сөндіріп, Аллаһ Тағалаға деген адалдығын жан-
жақты көрсеткен пайғамбар еді.
Әлемнің Мақтанышы (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) Пайғамбарымыздың ең тамаша үлгі болған
өмірі бастан-аяқ бейне бір адалдық көрінісі. Ол
жаратылыстың Нұрыжеңіп алған соң Меккеде он бес
күн тұрған еді. Сонда Әнсардан кейбіреулері қорқып,
ХазіретіПайғамбардың(саллаллаһуаләйһиуәсәлләм)
енді Мәдинаға қайтып-қайтпауы туралы ойлап, өзара
мүны өкіне әңгіме ете бастаған еді. Өйткені, Аллаһ
Тағала Оган туып-өскен мүбәрәк және қасиетті Мек-
кені жеңіп алуды нәсіп еткен еді. Әнсарлардың осы
күйзелісін сезген Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) олардың қасына барып:
«Не жайында сөйлесіп жатырсыңдар?» - деп сұ-
рады. Олардың мазасыздығын естіген соң үлкен
адалдық үлгісі ретінде былай деді: