Previous Page  301 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 301 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

303

Қабір

қазылып,

лақаттауға

келген

кезде

Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) лақатты

өз қолымен қазып, топырақты езі шығарды. Бұл істі

бітіргеннен кейін лақатқа жамбастап жатып, былай

деді:

«Тірілтушіжәне өлтіруші - Аллаһ. Ол ешөлмейтін

тірі. (Аллаһым!) АнамФатима бинти Әсәдті кешір,

оғандәлеліңці (тәухид сөзі, иман) талқында және

кірген жерін (қабірін) кеңейт. Пайғамбарыңның

және менен бұрынғы пайғамбарларыңның хақы үшін

(дұғамды қабыл ет). Шүбәсіз, сен мейірімділердің ең

мейірімдісісің...»

Расулуллаһ (саллаллаһу апейһи уәсәлләм) жана-

за үшін төрт тәкбір алды, сосын Аббас пен Әбу Бәкір

(радиаллаһу анһумә) мен бірге езі жаназаны қабірге

қойды».

(Табарани, Мү’жәмул-Кәбир, XXIV, 351-2)

Аллаһ Расулының үлгілі өмірінде осындай

адалдық сезімімен нәрленген, қияметке дейін барлық

адамзатқа берілген теңдессіз бір парасаттылық дәрісі

іспеттес әлі қаншама теңдессіз мысалдар бар.

Сондай-ақ, Хунәйн оқиғасынан кейінХауазин тай-

пасынан бір топ адам Аллаһ Расулына (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) келіп, мұсылман болғандықтарын

жеткізіп, тұтқындарының босатылуын сұраған еді.

Ішінен біреуі:

«Бізде Сенің сүт аналарың мен тәрбиелеушілерің

бар?» - деген еді.

СондаАллаһРасулы(саллаллаһуаләйһиуә сәлләм)

үлкен бір адалдық сезіммен:

«Маған және Абдулмутталиб үлдарына тиесілі

тұтқындарды сендерге қайтарамын» - деді.