-261-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
жорықтарға қатысып, бірақ «Тәбук» жорығына
қатыспаған үш сахабаға ауыр жаза берілгендігі мәлім.
Яғни, тағдыр бәрібір іске асады. Сондай-ақ тағдыр іске
асарда бұйырылғанды орындамаған жауапты болады.
Олай болса, өз басымыздағы жауапкершіліктен құтылу
үшін иман мен Исламның үстемдік құруы бағытында,
өз жеке мүддеміз бен дүниеге тән жұмыстар үшін
қиыншылықтарға төзгенімізден де, артық, жан кеш-
ті түрде қайратты болуымыз зәру. Бұл қастерлі иман
қызметіне үлес қосудан артық қандай абырой бар!? Соны-
мен қатар, шама-шарқымыз бойынша қайрат көрсетпей,
тек үміт пен сенімнің иләһи жәрдемі тартатынын күту
– есек дәме.
Құрани тәлім-тәрбие мақсатына орай, мұсылман
халқымыздың бір жапырақ нанынан бөліп, жан кешті-
лікпен ашқан Құран курстарына, медреселерге балала-
рымыздыжіберейік. Осы мәселеде еріншектік көрсетпей,
жұмылып қарасайық.
Аллаһ Тағала сыйлаған Құран Кәрім нығметінің
қадірін дер кезінде түсінбей, көзіне текқана дүние –мүлік
көрініп, соңында бақытсыздыққа ұшыраған кісілердің
қатарына қосылып қалудан сақтанайық. Құран Кәрімнің
шарапатынан мақұрым қалмайық. Ақыры, бұл фәнидегі
барлық арман-қалаудың бекер екендігі байқалады, бірақ
болар іс болып кетеді. Бұл шындыққа орай Юнус Әмре
былай дейді:
Құран оқымаған кісі,
Мүшкіл-дүр, оның әр ісі,
Қыдырып жүрер, жазы-қысы,
Есінен танған болар!
Кімде-кім Құран білмеді,
Бейне жаһанға келмеді,
Дертіне дәрмен таппады,
Істеріне пұшайман болар!..