Previous Page  262 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 262 / 278 Next Page
Page Background

-262-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Аят кәрималерде Хақ Тағала былай деген:

«

(Ей, Пайғамбарым!)

Былай деп айт: «Мүліктің

шын иесі болған, ей, Аллаһ! Қалаған адамыңа мүлік

бағыштайсың, қалаған адамыңнан мүлікті аласың.

Қалағаныңды данқты етіп, қалағаныңдыалшақтатасың.

Барлық жақсылықтың кіліті өз қолыңда. Расында,

барлық нәрсеге құдіретің жетеді».

(Әл-и Имран, 26)

«Көк пен жердің патшалығы

(иелігі)

Аллаһқа тән.

Аллаһ барлық нәрсеге құдіретті».

(Әли Имран, 189)

«..ЖерменкөктіңқазынасыАллаһқатән,мүнәфиқтар

мұны ұқпайды».

(Мунафиқун, 7)

Бұл аяттардың баяндағаны – дүние байлығын, бақ-

дәулеті мен болашақты сыйлайтын – жалғыз құдірет

барша ғаламның Халиқы (жаратушысы) болған Аллаһ.

Шынайы болашақ – ақырет өмірі, шынайы абырой –

Аллаһтың ризалығына жету.

Кеңес Одағы кезінде мешіттердің, Құран ұяларының

жабылуы қандай, аянышты оқиға. Құдайға шүкір, енді

тәуелсіз ел болдық. Қайтадан мешіттер салып, медресе-

лер ашуымыз керек. Әйтпесе, көптеген қиыншылықтарға

төзген, комунизмнің зардабын тартқан, тіпті елі, от-

аны мен діні үшін қайрат көрсетіп, шейіт болған

бабаларымызға опасыздық жасаған боламыз. Мұның

жауапкершілігі өте ауыр. Балапандарын мына дүниенің

өткінші абырой-данқы мен мансап - дәрежесіне алданып,

осыҚұран ұяларына жібермей, мақұрым тастаған ата-ана

бұл мекемелерге шабуыл жасағандармен бірдей.

Адамзатты бақыт пен салмақтылыққа, ұяттарды абы-

рой мен ұлылыққа жетелейтін ақиқаттар жәннәті болған

Құран Кәрімге немқұрайлы қараудың нәтижесінде ту-

атын үлкен апат-пәлекеттер мен тұтқындалып, тәуелді

өмір сүруді ойланып, соған қарай қимылдау керек екен-

дігі - көңілі иманға толы, ақылды мұсылманның ең басты

міндеті болғанында еш күмән жоқ.