-268-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
қалдыратын ерекшеліктерді көрсете отырып, оны Раб-
бысына деген махаббатқа жетелеп, тартуы. Рахман
әлем сахнасындағы бүкіл нығмет, ғибрат пен құдірет
ағыстарып адамның бас көзі мен ақыл көзіне ұсынады.
Өйткені, адамбаласы – Раб Тағаланың құдірет нышаны,
жарату өнері.
Құрандағы ой әлеміне кірген кісі: «Бұл ғалам не?
Қалай пайда болды? Бұл дүниеге қайдан және не үшін
келдім? Өмір күнтізбегіндегі жалған күндердің ақиқаты
не? Өмірді қылышпен кескендей тоқтатып қоятын ажал
деген не? Сонда мен кіммін? Қандай өмір сүруім керек?
Қалай жан тапсыруым керек?!» деген сияқты бітпей-
тін сұрақтардың жауабын табады әрі жаратқан иесінің
ризалығын табу бағытында мәңгі бақи өмірге дайындық
жасайды.
Мұсылманға:
«Құран бағытында ғұмыр кеш! Оның мінезімен
тәрбиелен! Мұсылман болған күйде жаныңды тап-
сыр!»
деген бүйрықтарды берген Құран Кәрім – нұр мен
зұлматты жыратқан Аллаһ (жәллә жәләлуһу) тарапынан
адамзаттынұрға қарық қылу үшін қальб-иМұхаммедиеге
(пайғамбарымыздың жүрегіне) түсірілген иләһи кітап.
Ол – адамның өмірі, көңілдің жайғасуының ықпалы, жер
мен көктің тілі, бақыт Күні мен берекет қазынасы.
Құранның ерекше қасиеттерімен тәрбиеленіп, ахуа-
лын саған қарай өзгерту – көңілдің орнығуы, ар-ұждан
тыныштығы; оның көріністерін көңіліне, өміріне ен-
гізген Мүминде ұшы-қиыры жоқ кеңдік пайда бола-
ды. Сондықтан, Құран болған Мүминдердің жүректері
– Аллаһтың салтанатының шексіз аспаны.
Құранның айбындылығымен жамылған, Құрани
ақиқаттар жәннәтінде ғұмыр кешкен, сондай-ақ Құрани
жұқалықтарды көңілдерінде сезінген қадірменді сахаба-
ларда бұл ахуал керемет көрінісін тапқан.