Previous Page  271 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 271 / 278 Next Page
Page Background

-271-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Аллаһ Тағаланың махаббат назары түсетін орын халіне

келтіру. Осы айтылған қасиеттерге жетіп, ие болғандар

яғни, жаны бар Құран халіне жеткендер, оның білімін

орындаушы, хикметімен де кәміл болады. Осылайша,

арифтер, салихтар, зәһиттер, ғашықтар мен садықтардың

керуеніне қосылады. Сондықтан, өміріміздің әр тұсына

Құранның нұрын шағылыстырып, көңілімізді оның

кәусәрімен (жәннәт суы) нәсірлендіріп мәнгілікке бет

бұруымыз – шексіз бақытымыздың тек жолы.

Осы бағытта тілі мен жан-дүниесін, Құраннан басқа

нәрселермен әуре қылмаған, керек болған нәрсесін Құран

аятын оқып, сұраған, өзіне қойылған сұраққа Құран ая-

тымен жауап беретін, Құранның лебізі мен мағынасын

игеріп менгерген талай ұлықтар жетілген. Ислам

даңышпандарынан Абдұллаһ Ибн Мүбарак, мұндай

қасиеттерге ие бір әйел кісінің ғибрат пен хикметке толы

ахуалын былай жеткізген:

Аллаһтың Бәйтү’л-Харамы мен Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қабірін зиярат жасау үшін

жолға шыққан едім. Ұзақтан қарайған бір нәрсе көрінді.

Жақындап келіп қарасам, үстіне жүннен жасалған киім

киген, жүннен орамал таққан, бір жалғыз әйел екен.»

Оған:

«Әссәләмү алейкүм уә рахмәтұллаһи уә бәрәкәтүһ!»

деп, сәлем бердім.

Ол Йәсин сүресінің:

«

(Бұл да)

- Аса жарылқаушы Раббыларынан сәлем!»,

- деген 58 аятын оқып сәлемімді алды.

Мен одан:

«Аллаһ жақсылығыңды көбейтсін! Сен бұл жерде

жалғыз не істеп жүрсің?»

- деп, сұрадым. Ол:

«Аллаһ қаңғыртқан адамды ешкім де оңдай алмай-

ды...»

деген сүресінің 186 - аятын оқыды.