Previous Page  272 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 272 / 278 Next Page
Page Background

-272-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

– Жолынан адасып жүргенін түсіндім де: Қайда

барасың?, - деп сұрадым. Ол тағыда:

«Құлын бір түнде Мешіт Әл-Харамнан, Мешіт Әл-

Ақсаға апарған...»

деп басталатын Исра сүресінің 1-ая-

тын оқыды. Оның бұл жауабынан:

– Қажылыққа барғанын, енді Құдыс шаһарына бет

алғандығын түсіндім.

Қанша күннен бері бұл жерде жүрсің?»

– деген сұрақ

қойдым. Ол Мәрйәм сүресінің 10-аятындағы:

«Сап-сау күйіңде үш тәулік... »

деген бөлімін оқыды.

Мен:

– Қасыңда жейтін еш нәрсе көре алмай тұрмын - дедім.

Ол:

Мені жегізіп, ішкізетін - Ол

(Аллаһ)

!

деген, Шұғара

сүресінің 79-аятын оқыды. Мен:

– Мақұл, сен немен дәрет алып жүрсің ? - дегенде, ол:

Ниса сүресінің 43-аятының бір бөлігін оқып берді.

Су таба алмағанда беттеріңді, қолдарыңды таза жер

жынысымен сүртіңдер

(тәйәммум соңыңдар)

».

Оған:

– Ішіп-жейтін тамағым бар, тамақ іш!»-дедім. Әйел:

Сонан кейін кеш батқанша ораза ұстаңдар!»

деген,

Бақара сүресінің 187-аятын оқып берді. Мен:

– Бұл рамазан айы емес қой? - дегенде, әйел Бақара

сүресінің 158-аятының бір бөлігін оқыды.

«...Кімде-кім шын көнілден

(нәпіл)

бір іс істесе

(сый-

сыяпатын көреді).

Өйткені, Аллаһ құлшылықтын сауа-

бын беруші,

(әр нәрсені)

толығымен білуші!»

– Сапарға шыққанда ауыз бекітпесе де болады, оған

рұқсат бар ғой - деп айттым. Осы кезі:

«Білген болсаңдар

(ауыр болса да)

ораза ұстағандарын

әліде қайда жақсы»

- деген Бақара сүресінің 184-аятын

оқыды.