-270-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
бақшасында өскен ерекше адамдардан еді. Абдұллаһ
мырзаның Құранға деген сүйіспеншілігі, құрметі,
тағзымы елден ерекше болып, және жан-дүниесінің
төрінен орын бергені соңшалық, оның Құранға деген
ғашықтығы – өзі үмми (сауатсыз) болғанымен, оған Хақ
Тарапынан бір түн ішінде қарилық (Құранды бастан-аяқ
жатқа білу) берілуі сияқты ұлы нығметпен сыйланған.
Қарилық,Құранныңмұғжизаларынанболғандықтаносы-
лай, яғни бір түнде қари болып шыққандар – Аллаһтың
илтипат, сый көріністері. Бірақ, бұл нәрсе, жоғарыда
айтқанымыздай ішкі жан-дүниеге байланысты. Сон-
дай-ақ, күндердің күнінде Абдұллаһ мырзадан қарилық
қайтып алынған да, бұл кісі қасіретке толы көз жастарын
төккеннен соң осы сыйға қайтадан қауышқан.
Бұл оқиға Құран Қәрімнің сан жетпес пайдасы мен
ерекше көріністерінің бірі ғана. Періштелерді иләһи
шаттығуға қарық қылған, тіпті басқа да мақұлұқтардың
өздерін әсерлендіретін Құран Кәрім, нәпсілік бейім-
дерінен құтылып, нұрға бөленген көңілге сырларын
қаншалықты паш ететінін ойлану керек!..
Сол үшін Құранның терең сырларына жету үшін
жаны
бар Құран
халіне келу зәру.
Ал, жаны бар Құран бола білу, Құранды ең әдемі су-
ретте үйрену және жүзеге асырумен басталады. Бұл да
– Құраның ғылым аясына кіру, оның хикмет дариясына
шомылу, ғибратқа толы көріністерінен сабақ алу, парасат
дастарханынан коректену, ихсан сезіміне бағыт алу, апат-
пәлекет түскенде сабыр қаруына жабысу, иләһи жоспар-
тағдырға ризашылық деген сеніммен пісу, тәсилим деген
қайнар мен толу, қызмет бұлағынан ішіп-ішкізу, жан
кештілік шапанымен жамылу, махаббат сарайына кіру,
хақ пен сабырды үгіттеу, өз қажеттіліктерімізді қайырға
жұмсау, истиқамәт бойынша ізгі амалдар жасау, қорыта
айтқанда, көңілді тікені жоқ гүлістанға айналдырып,