-276-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Егер жер жүзіндегі ағаш атаулының барлығы қалам
болса, теңіз сия болса, оның үстіне тағы жеті теңіз
(сия
болып)
қосылса да, Аллаһтың сөздерін (жазып) тауысуға
болмайды...»
(Лұқман,27)
баяндалғандай, заттық және ру-
хани шексіз – мағлұматтарға, ғылымға, сырға, хикмет-
пен мағрифәтке толы.
Ол – аша алмайтын есігі жоқ кіліт. Ол – теңдесі жоқ
рахмет. Адам баласы, тек оның өзгеше де ұлы аясында
өмір сүрумен ғана барша ғаламның гауһары деген сипа-
тын сақтай алады. Тек соның аясында ғана әлемдегі сан
жетпескөріністердіңкереметнақыштарына, бұлардыіске
асып жатқан иләһи құдіреттің айбынды көріністеріне,
жүректің жұқалығы мен парасаттылыққа қол жеткізіп
уасыл-ы илаллаһ бола алады. Өйткені, Құран – адамға
әртүрлі ұлыміндет пенмахаббатыүйрететін қасиетті мек-
теп. Ол – адамға жаратылысындағы хикмет пен гауһарды
сақтатқан, ондағы иләһи әдеміліктердің көрініс табуына
дәнекерболғанХақсөзі. Оныңтәрбиесі астынакіріп, оның
ақиқатында нұрға бөленіп өз нәпсілерін жоқ қылғандар
– ақылдарын иман ақиқаттарына, көңілдерін қасиетті
көріністерге, мінез-құлықтық шаттығулар мен адамгер-
шілік сезімдеріне, сондай-ақ ағзаларын ізгі амалдарға
жұмсады. Сөйтіп, жанды Құран халіне жетеді.
Осылайша Құран сияқты болған адам, мына орасан
әлемжелпуіш сияқты түріліп, ішіне сыйған бір миниатю-
ра әлем болу сипатының ерекшеліктерін көре бастайды.
Ол – тұқымда жасырын тұрған дәу шынар ағашының, мо-
лекулада жасырын тұрған үлкен заттың және жеке адам-
да жасырын тұрған қоғамның пайда болуы сияқты та-
лай орасан болмыстардың негізі халіндегі жаратылысқа
айналады да періштелерден дежоғары дәрежеге жете-
ді. Өйткені – Құран мінезі, әдептілігі арқасында, негі-
зінде Аллаһ пен Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) мінез-құлқымен, олардың ерекше қасиеттерімен
жамылған.