Previous Page  274 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 274 / 278 Next Page
Page Background

-274-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Ақырында, оның адасып қалған керуенін қуып жет-

тік. Мен оған:

– Міне сенің керуенің! Ол жерде қандай туысың, кімің

бар? - дедім. Ол:

«Байлық пен бала - дүние тіршілігінің сәні»

деген,

Кәһф сүресінің 46-аятын оқыды.

Мен оның бұл жауабынан керуенде балалары

болғандығын түсіндім. Кейін одан:

– Олар, бұл керуенде қандай қызмет атқарады? - деп

сұрадым.

Жауап ретінде:

«Және қаншама белгілерді жаратты. Олар

(түнде

жүргенде)

соған және жұлдыздарға қарап жол табады»

деген, Нахыл сүресінің 16-аятын оқыды.

«- Демек, оның балалары жол сілтеуші екен».

– Олардың аты-жөні кім? - деп сұрағанда, Ниса

сүресінің 125-аятындағы:

«…Аллаһ, Ибраһимді өзіне дос тұтты»

, осы сүренің

164-аятының

«…Аллаһ, Мұсамен шын тілдесті»

,

және

Мәриям сүресінің 12-аятының

«Ей, Яхия! Бар күшіңмен

кітапты ұста!»

деген бөлімдерін оқыды. Осыған орай,

мен:

«Ей, Ибраһим! Ей, Мұса! Ей Яхия!» деп дауыстағаным

сол еді, жүздері нұрлы үш жас жігіт жүгіріп келді.

Аналарымен табысып, көңілдері орнына түскен бала-

лар келіп, отырғанда аналары:

«…Енді мына күміс ақшамен біреуіңді қалаға

жіберіңдер! Байқап, көріп кімнің тамағы таза болса, со-

дан сатып әкелсін...»

(Кәһф, 19)

деген аятты оқыды.

Жігіттердің біреуі барып азық-түлік сатып алып, да-

стархан жайды. Әлгі әйел Хаққа сүресінің: