-263-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Құран дұшпандығындай үлкен бейбақтық болма-
са да, оның қызметінде болу жайындағы немқұрайлық
та, сол, дұшпандыққа жақын дәрежеде обалын
тартқызады. Адамзаттың селмен сүйретілген ағаштар
тәрізді, өз кезіндегі жағымсыз жаңалықтарына беріл-
ген осы күнде құламай, аяқта тұра білуіміз; күпірлік,
діннен шығып - кету әрі басқалар хош көрсін не пәлеге
ұшырамайық деп, кейбір діни үкімдерді жеңілдету се-
лінен үстімізге бір тамшы тимейтіндей сақтануымыз
үшін туған-туыстарымызға, жанұямыз бен айналамызға
Құран үйретіп, оның нұрын, рухани нәрі мен берекесін
жайуға күш-қайрат жұмсауымыз қажет. Құранға деген
мұқтаждығымызды әсте ұмытпайық. Құранмен ұдайы
түрдегі біргелігіміз, жақындығымыз оның әмірі мен
нәһилері турасындабағытталуымызға, оныңмінезіменмі-
незденуімізге дәнекер болады. Әйтпесе, керісінше әрекет
– үлкен зиян. Мәнгілік дәулетті өткінші ләззаттармен ау-
ыстыру болып табылады.
Құран Кәрімде былай айтылған:
�َ�ُ��َ�ْ�َ
ُب ٍا
��ُ� �َ�َ�ْ
ْآن َاَم
�ُ�ْ�
ُون َا
� �
�َ�َ�َ�َ �َ�َ
ا
«Олар Құранға тереңінен ой жүгіртпей ме? Әлде
олардың жүректері құлыптаулы ма?»
(Мұмаммед, 24)
Көптеген адамдардың дүние-мүліктің артына түскен
қазіргі таңда Құран Кәрім үйрететін ұстаздардың
шәкірттеріне шын жүрекпен көңіл аударып, мұқият
болулары зәру. Шәкірттің көнілін ұстазға деген махаб-
батпен толтыру керек. Оған «әліп-бе» үйретуден бұрын,
«әліп (әлиф)» ақиқатын, яғни Аллаһты үйрету керек.
Кішкентай жүрегіне Аллаһ пен Расулуллаһтың махабба-
тынан сәулелер қондырып, нұрмен илеу керек. Исламның
нәзіктік, сыпайлық, сұлулық пен бүкіл жақсы тұстарын
бейкүнә көңілдерге шағылыстыру қажет.
Аллаһ кәләмін (сөзін) үйретуге иләһи үндеуге