206
Қайрат Дүйсен,
Қазақстан журналистер
одағының мүшесі.
НЕГЕ ДЕСЕҢ АЛЛАШЕБЕР
Мамырлатып келген сайын мамырым,
Серпіледі уайымым саны мың.
Көктем көктен әкелгендей нәр берер,
Жәннаттағы сұлулықтың жарымын...
– Неге? – десең, Алла шебер, жарығым!!!
Көптен тынбай құйған жаңбыр арқылы,
Гүл біткеннің бой көтерер әр түрі.
Күн көзіне қыздырынып қозы, лақ,
Ұмытылар «құралайдың салқыны»...
– Неге? – десең, Алла шебер, жарқыным!!!
Көктем келіп, көктен түссе найзағай,
Түнгі дала бір жарқ етер айнадай.
Ал, артынан саңырауқұлақ самырлар,
Таң білініп, жасырынса Ай қалай...
– Неге? – десең, Алла шебер, айнам-ай!!!
Күн қыздырып, тау мен қырдың жартасын,
Қыз-қызғалдақ жапса жота арқасын,
Мына әлем асыл нұрға бөленер,
Жасыл қылып өсіргендей Жар шашын...
– Неге? – десең, Алла шебер, қалқашым!!!
Зерттеуді талап етер шындап бір...
Жаратқанның әрбір ісі жұмбақ кіл,
Сау ақылмен терең бойлап барлығын