209
Қалшабек Елдос.
Шымкент қаласы.
Көркеммінез көрігің
Бойлатпай бәле былығын,
Жолатпай жаман жырығын,
Теңіздің тартар тұнығын –
Тазалық болсын серігің.
Арың мен ақыл ажарың,
Ғұмырлық ғибрат ғажабың,
Бақилық бітпес базарың –
Білімің болсын серігің.
Шайқаста жүрек шайлықпас,
Арыны адым айнытпас,
Тағдырдан қилы қаймықпас –
Батырлық болсын серігің.
Сәлемін берсе иілер,
Кісілік көрсе күйінер,
Жанына жылы жыр үйер –
Кішілік болсын серігің.
Білдірмей қабақ бағатын,
Түнектен жарық табатын,
Санаңа сарай соғатын –
Зеректік болсын серігін.
Жайсандық жасап жұбанар,
Кеңдікті жақын құп алар,
Сауаптар содан құралар –
Жомарттық болсын серігің.