214
Кенже Оразайұлы,
Алматы қаласы.
ЖарамайдыАлла атымен
ант еткен
Адамзатты жаратылған әр тектен
Жаратушы жасап, әрі тәнті еткен.
Пенделікпен кейде артық кетеміз,
Жарамайды Алла атымен ант еткен.
Ол бізге емес, біз Аллаға зәруміз
Демейік біз, өзгелерден тәуірміз.
Пайғамбардың туы астына жиналған,
Бар мұсылман бөлінбейтін бауырмыз.
Алла құлы, Мұхаммедтің үмбеті,
Үніңді қос, бүлінбесін жер беті!.
Бар ғаламды жаратушы-бір Алла,
Қандай ғажап!
Айдың-нұры,
Күн-беті!.
Алла сүйер- адал еткен еңбекті,
Алла сүйер-тазалықты, сергекті.
Жер Ананы,
«Алла» деген жандарды,
Құран сөзі бесігінде тербетті.