217
Қуанышбек Әлишерұлы
Тараз қаласы.
Мұғжиза
Аралар міне, кірісті қызу,
Оларда жоқ талқандау, бұзу.
Оқыған қайдан, ғылым мен сызу?
Қолынан келер үй тұрғызу.
Дәл есеп, ғажайып конструкция,
Ерекше ғимарат, әдемі ұя.
Аралап жазық пен қия,
Жинаған балы керемет сый, ә..?
Қарлығаш мына қанатын жайған,
Өнерді қайдан үйреніп алған?
Қаншама буын, қаншама байлам,
Ұясын көріп қаламын қайран.
Себебін білмей сұрақтар өсед –
Өрмекші қалай жіптерін есед?
Өрмекке де керек қой есеп,
Білмегендер, - «Жәндік қой!», - десед
Сарқылмас білім, таусылмас өнер,
Қазына ғой Аллаһтан келер.
Саналы жан иманға келер,
Кәлима айтып, жүрекпен сенер.