Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
57
Бұл жайында Рифаға ибн Рафиғ Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) былай дегенін риуаят етеді: َُ
إِذَا قُمْتَ فَتَوَجَهْتَ إِلَى الْقِبْلَةِ فَكَبِّرْ ، ثُمَ اقْرَأْ بِأُمِّ الْقُرْآنِ ، وَبِمَا شَاءَ ا
أَنْ تَقْرَأَ... رواه ابو داود
«Намазға тұрғаныңда құбылаға бет түзеп, тәкбір
тахрима айт. Кейін «Фатиха» сүресін және Алланың
қалауымен аят (не сүре) оқы!...»
103
.
(Сахих)
Бухари және Мүслімде риуаят етілген хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Фатиха сүресін оқымаған
адамның намазы жоқ»
104
,
– дейді. Яғни, «Фатихасыз»
намаз толық әрі кәміл болып есептелмейді.
Аталмыш хадиске және өзге де мазмұндас хадис-
терге сүйене отырып, кейбір мәзһаб ғалымдары Фатиха
сүресін оқу парыз деген тұжырым жасаған. Фатиха
сүресі оқылмаса, намаз бұзылады деген. Алайда, жо-
ғарыда келтірілген «Сахих Бухаридегі» 724 нөмірлі
хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір кісіге намаз үйретіп
жатып, былай дейді:
إذَا قُمْتَ إلَى الصّلاةِ فَكَبِّرْ , ثُمّ اقْرَأْ مَا تَيَسّرَ معك مِنْ الْقُرْآنِ
«Намазға тұрғаныңда ифтитах тәкбірін ал да
Құраннан жеңіл келгенін оқып, рүкүғқа бар...»
105
.
Егер
Фатиха сүресін оқу парыз болғанда, Пайғамбарымыз
міндетті түрде оған «Фатиханы оқы» дер еді.
103
Әбу Дәуіт, 2/145-бет, №859 хадис.
104
Сахих Бұхари, №723 хадис; Мүслім, №394 хадис.
105
Сахих Бұхари, №724 хадис.