Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
58
Ханафи мәзһабында аталмыш екі хадисті ұштастыра
келе:
«Намазда қандай да бір аят немесе сүре оқу –
парыз, ал «Фатиха» сүресін оқу – уәжіп», - деген пәтуә
бекіткен.
Тирмизидің «Сүнәнінда» Әзірет Әли былай дейді:
«Фатиха» оқылмаған барлық намаз – толық емес»
106
.
Мұнда "намаз бұзылады" демеген, "толық емес" де-
лінген. Бұл да Фатиха сүресін намазда оқу парыз емес,
уәжіп екендігінің дәлелі.
Намазда «Фатиха» сүресін ұмытып оқымай кет-кен
кісінің намазы бұзылмағанымен, толыққанды орындал-
ған құлшылық ретінде есептелмейді. Әдейі оқымаған
жағдайда намазын қайта орындауы керек. Өйткені,
Фатиханы әдейі тастаған адам «харамға жақын мәкрүһ»
амалын жасаған болады. Ондай намазды қайта оқу
керек деген ғалымдар.
3. Үш немесе төрт рәкәғатты парыз намаз-
дарының әуелгі екі рәкәғатында «Фатиха» сүресі
мен қосымша сүрені оқу – уәжіп, ал қалған рәкәғат-
тарында «Фатиханы» ғана оқу – сүннет
107
.
«Сахих Мүслім» атты хадистер жинағында риуаят
етілген хадисте сахаба Әбу Қатада (р.а.) былай дейді:
106
Тирмизи – 1/254-бет, 247-хадиске берген түсіндірмесі.
107
Майдани, Лубаб – 1/73-бет.