Previous Page  64 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 64 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

64

оқыса, имамның қырағат етуі жеткілікті. Ал, оңа-

ша оқыған кезде қырағат етсін»

118

,

– деп, жауап

берген. Әрі қарай хадисті риуаят етуші кісі сөзін былай

жалғастырады:

«Сахаба Абдулла ибн Омар имамның

артында тұрғанда қырағат етпейтін».

Жоғарыда келтірілген хадистердің барлығы имамға

ұйыған кісі Фатиха мен қосымша сүрені оқымайтын-

дығына дәлел бола алады.

Кей ғалымдар сахаба Әбу Һұрайра мен Айша

(Оларға Алла разы болсын) анамыздан риуаят етілген:

«Фатиха» сүресі оқылмаған намаз толық емес»

деген

хадиске сүйеніп, имамның артындағы жамағат та оқуы

керек дегенді алға тартады. Алайда, аталмыш хадис оған

дәлел бола алмайды. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.)

бұл өсиетін намазды оңаша оқитындарға қаратып айт-

қан болуы мүмкін. Бұлай деуіміздің себебі Сахаба Жә-

бірден (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз

(с.а.у.):

عن جابر عن أبي الزبير عن جابر قال قال رسول الله صلى الله عليه و

سلم: مَنْ كَانَ لَهُ إمَامٌ فَقِرَاءَةُ ا ِْمَامِ لَهُ قِرَاءَةٌ .رواه ابن ماجه حسن

«Кім имамға ұйыған болса, имамның қырағат етуі

оның да қырағаты болып есептеледі»

119

,

– деген

120

.

118

әл-Муатта Имам Мәлік – 1/86-бет: 10-баб, 43-хадис

119

Ибн Мажә, 376-бет/ 850-хадис; Зәуәиду Сүнән Дарақұтни, №563 хадис.

120

Имам Тахауи, Шарху Мағанил Әсәр, Имамның артында қирағат ету

бабы. 4/89-бет.