Previous Page  66 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 66 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

66

«Әмин» дұғасы

Намазда тұрғанда «Фатиха» сүресінен кейін «Әмин»

деп дұға жасау – сүннет. Ханафи мәзһабы мен Мәлики

мәзһабында

122

бұл дұға іштей айтылады. Өйткені,

Құранда Алла тағала:

«Раббыларыңа жалбарынып,

жасырын түрде дұға етіңдер»

123

,

– дей келе жасырын

айтылған дұғалардың абзал екенін білдіріп тұр.

ادْعُوا رَبَكُمْ تَضَرُعًا وَخُفْيَةً

«Әмин» дұға болғандықтан жасырын айтылғаны

абзал. Оның үстіне, Пайғамбарымыздан жеткен бір-

неше хадисте «Әминді» іштей айтудың абзал екендігі

білдірілген. Атап айтсақ:

Хадисші Хаким ән-Нисабури Бұхари мен Мүслімнің

хадис қабылдау өлшемдерін (критерий) қолдана отырып

жинақтаған «Мүстәдрак» атты хадистер жинағында

келтірілген риуаятта Уәйілдің Пайғамбарымызбен

(с.а.у.) бірге намаз оқығандығы айтылады.

ُ عن علقمة بن وائل، عن أبيه: أنه صلى مع النبي صلى الله عليه و سلم

حين قال: “غير المغضوب عليهم و لا الضالين” قال امين يَخفِض

بِهَا صَوتَهُ”. رَوَاهُ الحَاكِمُ: هذا حديث صحيح على شرط الشيخين و

لم يخرجاه

122

Абдул Уәһһаб әл-Бағдади, Әт-Тәлқин – 1/107-бет.

123

«Ағраф» сүресі, 55-аят.