Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
69
деген. (Сахих). Бірақ, бұл хадистегі бұйрыққа сүйеніп,
имамға ұйыған ешкім «тәкбірді (Аллаһу әкбәрды)»
жария айтпайды.
Мәзһабты мойындамайтындар шейх санайтын
Насруддин Әлбани да «Әминді» дауыстап айтуды
қолдамайды. Ол өзінің «Тәмәмул-минна фит-таълиқ
ала фиқһус сунна» атты кітабында былай дейді:
«Жамағаттың да имаммен бірге «Әминді» дауыстап
айтуы керек дейтіндердің:
«Сахаба Зүбайр және
артындағылар «Әминді» айтқанда мешітжаңғырып
кетті»
дейтін уәжінен өзге «дәлелі» жоқ. Бірақ, мұның
өзі «Әминді» жамағаттың да дауыстап айтуына негіз
бола алмайды. Себебі, бұл хадисті жеткізушілердің
тізбегі Пайғамбарымызға (с.а.у.) «жетпеген» (марфуғ
болмаған). Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дауыстап айт-
қанына байланысты бірқатар хадистер бар. Бірақ,
ешбірінде Алла елшісінің артындағы сахабалардың
да қосылып, «Әминді» жария айтқандықтары кел-
тірілмеген. «Әминнің» дұға екені белгілі. Негізінде дұға
іштей айтылады. Өйткені, Аллатағала: «Раббыларыңа
жалбарынып, іштей (құпия) тілеңдер!», – деген. Ал,
бұған құлақ аспауға негіз болатындай сахих хадистен
дәлел жоқ»
127
.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Іштей тілек тілеу –
жария жетпіс тілекке тең» дегенін де ескерер болсақ,
«Әмин» дұғасын іштей айтқан абзал. Намазда «Сүбхана
раббиял-ағла», «Субхана раббиял-азим», «Субханака»,
127
Мұхаммед Насриддин Әлбани, Тәмәмул-минна фит-та’лиқ ала фиқһус-
сунна, 177-бет