Previous Page  73 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 73 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

73

Рүкүғ жасау

Намазда қырағаттан кейін иіліп, рүкүғқа барады.

Рүкүғқа бару – парыз.

Бұл - Ұлы Жаратушының бұйрығы:

«Ей, иман ет-

кендер! Раббыларыңа рүкүғ, сәжде жасап, мінәжат

етіңдер!»

132

,

– дейді.ْ

يَا أَيُهَا الَذِينَ آمنُوا ارْكَعُوا وَاسْجُدُوا وَاعْبُدُوا رَبَكُم

1. Қырағат еткеннен кейін «Аллаһу әкбар» деп, рү-

күғқа барған ер кісі сүннетке сай саусақтарының арасын

ашып, екі қолын тізесіне таяп, арқасын тік ұстайды.

Рүкүғқа барған адам басын салбыратпай, не болмаса

көтермей, арқасымен бір деңгейде ұстайды

133

. Рүкүғта

аяғының ұшына қарау – мұстахаб

134

.

Алқама әкесінің мына сөзін риуаят етеді:

عن علقمة بن وائل عن أبيه: “أن النبي (صلى الله عليه و سلم) كان

إِذَا رَكَعَ فَرّجَ أَصَابِعَهُ ، وَإِذَا سَجَدَ ضَمّ أَصَابِعَهُ الْخَمْسَ” روي في

سنن دارقطني و في صحيح ابن خزيمة

«Пайғамбарымыз рүкүғқа барған кезде саусақтары-

ның араларын ашатын, ал сәждеде саусақтарының

араларын біріктіретін»,

– деген

135

.

132

«Хаж» сүресі, 77-аят.

133

Маусули, Ихтияр – 1/173 бет; Нурул Изах – 27-бет, Сунәнус Сала

134

Нурул изах, Әдәбус сала.

135

Даруқутни, Китабус Сала – (3) 1267; Сахиху Ибни Хузайма – 1/301-бет,

№594 хадис.