Previous Page  70 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 70 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

70

«әт-Тәхият» секілді басқа барлық дұғалардың іштей

айтылатындығы «Әминнің» құпия айтылуына тағы бір

дәлел.

Бұған қоса, бізге жеткен хадистердің бір де біреу-

інде Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Әминді» дауыстап

айтыңдар» деп кесіп айтқан тікелей әмірі жоқ. Тек

«Имам «Уәләд-даллин» деген кезде «Әмин» деп айтың-

дар» деген әмірі бар.

Мүслімдегі сахих хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Имам(рүкүғтантүрегеліпжатып) «Сәмиғаллаһу

лиман хамидаһ» дегенде сендер «Аллаһумма Раббәнә

ләкәл хамд» деп, айтыңдар. Егер кім де кімнің сол

айтқаны періштелердің айтқан сәтіне сәйкес

келсе, оның өткен күнәлары кешіріледі»

128

,

– деген.

Ешбір мәзһабта рүкүғтан тұрған кезде

«Аллаһумма

Раббәнә ләкәл хамд»

деген хадисті негізге алып, жария

айтпайтыны белгілі.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Әминді» дауыстамай,

іштей айтқандығын айғақтайтын бірнеше нақты дерек-

терді хадис кітаптарында кезіктіруге болады. Әбу Дәу-

ідтің хадистер жинағында риуаят етілген хадисте Әбу

Һурайраның айтуы бойынша:

ْ عَنْ أَبِي هُرَيْرَة قَالَ : كَانَ رَسُول اَ صَلَى اَ عَلَيْهِ وَسَلَمَ إِذَا تََ “

غَيْر الْمَغْضُوب عَلَيْهِمْ وََ الضَالِّينَ “ قَالَ “ آمِينَ “ حَتَى يُسْمِع مَن

يَلِيه مِنْ الصَفّ الَْوَل. رواه أبو داود

128

Сахих Мүслім, Китабус Сала – №409-хадис; Тирмизи 1/272-бет, №267

хадис.