Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
67
Уәйілдің айтуы бойынша:
«Пайғамбарымызбен
бірге намаз оқығанда Пайғамбарымыз «Ғайрил мағ-
дуби ғаләйһим уәләддалин» дегеннен кейін дауысын
бәсеңдетіп «Әмин» деген»
124
.
Хаким аталмыш хадис жайында:
«Бұл хадис – сахих.
Оны Бұхари мен Мүслім кітаптарында келтірмегенімен
олардың хадис қабылдау шарттарына сай»,
– дейді.
Бұдан басқа, Әбу Һұрайра (р.а) риуаят еткен хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген:
ُ
َ عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ قَالَ قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَى الله عَلَيْهِ وَسَلَمَ إِذَا قَالَ ا ِْمَام
ِ {غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وََ الضَالِّينَ } فَقُولُوا آمِينَ فَإِنَ الْم ََئِكَة
ِ تَقُولُ آمِينَ وَإِنَ ا ِْمَامَ يَقُولُ آمِينَ فَمَنْ وَافَقَ تَأْمِينُهُ تَأْمِينَ الْم ََئِكَة
غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَمَ مِنْ ذَنْبِه
«Имам «ғайрил мағдуби ғаләйһим уәләддаллин» деген
кезде сендер де «Әмин» деңдер. Себебі, періштелер
«Әмин» дейді, имам да «Әмин» дейді. «Әминді» айтқан
кісінің бұл дұғасы періштелердің «Әмин» деп, айтқан
сәтіне дәл келсе, оның өткен күнәлары кешіріледі»
125
.
Хадистің дәрежесі – сахих.
Ханафиғалымдарыбұлхадистегі имамныңда«әмин»
124
әл-Хаким ән-Нисабури Мүстәдрак – 2-том/253-бет, (42) 2913
хадис;Тирмизи, Сыффатус салә, №248 хадис түсіндірмесі. Тирмизи
бұны зайыф дегеннен гөрі хасанға жақын деген. Сондай-ақ, Мұхаддис
әл-Хаким де бұл хадисті «Сахих» деген. (Зайлағи, Насбур Риуая – 1/370-
бет.)
125
Нәсәи, әс-Сүнәнүл-күбра – 2/ 479-бет, №1001 хадис.