Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
68
дегенін негізге алып, «әминді» іштей айтуды сүннет деп
білген. Себебі, «әмин» сөзін имам жасырын айтпайтын
болса, Пайғамбарымыз имамның да «әмин» дейтінін
жамағатқа білдірмес еді. Яғни, періштелер мен имам-
ның «әмин» деуі жамағатқа естілмейтін болғандықтан
Пайғамбарымыз (с.а.у.) «себебі, періштелер «әмин»
дейді, имам да «әмин» дейді» деп, олардың да «әминді»
айтатындығын білдіріп тұр. (Дұрысы Аллаға мәлім).
Сондай-ақ, осы хадиске сүйеніп «Имам фатиха оқ-
ып болғаннан кейін «әминді» дауыстап айту керек»
деген тұжырым жасау қате. Өйткені бұл жерде әминді
«жәрия айтады» деген сөз жоқ. Оның үстіне, имам
айтқан дұғалардың бәрін дауыстап айту шарт болса,
оның келтірген тәкбірін (Аллаһу әкбәр), тәсмиъғын
(самиъаллаһу лимән хәмидәһ), тәслимін (әс-сәләму
ғалейкум) дауыстап айту керек болады. Себебі сахаба
Әбу Һұрайра (р.а.) риуаят еткен басқа бір хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
َ عن أَبي هُرَيرَةَ، قال: قال َرسُولُ اللهِ (صلى الله عليه و سلم): إِنَمَا
جُعِلَ الإِمَامُ لِيُؤْتَمَ بِهِ ، فَإِذَا كَبَرَ فَكَبِّرُوا ، وَإِذَا رَكَعَ فَارْكَعُوا ، وَإِذَا قَرَأ
فَأَنْصِتُوا
«Сөзсіз имамға ұю керек. Егер Имам, «Аллаһу
әкбар» десе, сендер де солай айтыңдар. Ал, қашан
Құран оқыса, (намазда) тыңдап тұрыңдар!»
126
,
–
126
Дарақұтни сүнәні, Имамға ұйиу бабы – 2/115-бет, №1243 хадис. Сахих.