Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
76
عن أبي هرير قال (رسول الله صلى الله عليه و سلم): إذَا قُمْتَ إلَى
ّ الصّلاةِ فَكَبِّرْ , ثُمّ اقْرَأْ مَا تَيَسّرَ مَعَكَ مِنَ الْقُرْآنِ , ثُمّ ارْكَعْ حَتّى
تَطْمَئِنّ رَاكِعاً , ثُمّ ارْفَعْ حَتّى تَعْتَدِلَ قَائِماً , ثُمّ اُسْجُدْ حَتّى تَطْمَئِن
سَاجِداً, ثُمّ ارْفَعْ حَتّى تَطْمَئِنّ جَالِساً . وَافْعَلْ ذَلِكَ فِي صَلاتِكَ كُلِّهَا.
رواه أبو داود إسناده صحيح
«Намазға тұрғанда «тәкбір тахрим» айт. Кейін
Құраннан жеңіл келгенін (жадыңда жақсы сақ-
талғанын, өзіңе ыңғайлы болғанын) оқы. Сосын
рүкүға барғанда, толық иілгеніңе көзің жетсін. Рү-
күғдан тұрғанда бойыңды түзу ұста. Сәждеге бас
қойғаныңда сәжде еткеніңе көзің жетсін. Кейін
сәждеден басыңды көтеріп, толықтай отырғаныңа
көз жеткіз. Барлық намаздарыңды осылай орында»,
-
деген еді
142
.
5.
Рүкүғтан бас көтеріп жатып: «Сәмиғаллаһу
лиман хамидаһ» (Алла өзіне мақтау айтқанды ести-
ді) дейді. Бойын тіктеген соң «Раббәнә ләкәл хамд»
(Раббым! Барлық мақтау сен үшін) деп, айтады.
Бұларды айту – сүннет
143
.
Сахих Мүслімде Сахаба Әбу Һұрайрадан риуаят
етілген хадисте Пайғамбарымыз былай дейді:
142
Әбу Дәуіт, №856 хадис. Сахих.
143
Таһмаз, әл-Фиқһул Ханафи – 1/221-бет.