Previous Page  81 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 81 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

81

«Егер сәжде жасайтын болсаң, алақаныңды жер-

ге қойып, шынтағыңды көтер»

153

,

– деген.

Әнәстан риуаят етілген басқа бір хадисте Пайғам-

барымыз (с.а.у.):

عن أنس قال: قال رسول الله (صلى الله عليه و سلم) “اِعْتَدِلُوا فِي

السُجُودِ، وََ يَبْسُطْ أَحَدُكُمْ ذِرَاعَيْهِ انْبِسَاطَ الْكَلْبِ”. رواه مسلم

«Сәжделеріңді дұрыс жасаңдар, иттерге ұқсап,

білектеріңді жерге қоймаңдар!»

154

– деген.

4.

Сәждеде қолтықты қыспай, ашық ұстау – сү-

ннет

155

. Ал жамағатпен оқыған кезде қасындағы

адамға кедергі келтіретін болса, онда шынтақтарын

өкпе тұсына тақап ұстайды

156

.

«Сахих Мүслімде» келтірілген сахих хадисте

Абдулла ибн Мәлік былай дейді:

كَانَ رَسُولُ اَِ صَلَى اَُ عَلَيْهِ وَسَلَمَ إِذَا سَجَدَ يَجْنَحُ فِي سُجُودِهِ حَتَى

يُرَى وَضَحُ إِبْطَيْهِ”. رواه مسلم

«Пайғамбарымыз (с.а.у.) сәждеге барғанда екі

білегін екі жағына ашып ұстайтыны соншалық,

қолтығының ағы көрінетін»

157

.

153

Мүслім, 494-хадис.

154

Мүслім, 493-хадис.

155

Әш-Шарнубуләли, Нурул изах – 27-бет. Сүнәнус сала.

156

Бахрур Раиқ, Китабус-салә; Айни, Биная -2/247; Нуруль изах-27 бет.

Сүнәнус сала.

157

ән-Нәуәуи, Шарх Мүслім, №495 хадис.