Previous Page  86 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 86 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

86

Кейде Пайғамбарымыз (с.а.у.) әуелгісінде отырмай

тұрып кеткен кездерінде «сәһу» сәждесін жасайтын. Бұл

– әуелгі отырысқа отырудың уәжіп екендігіне дәлел.

Сахих Мүслімдегі хадисте Абдулла ибн Бухайна ат-

ты сахаба былай дейді:ِّ

عَنْ عَبْدِ اِّ ابْنِ بُحَيْنَةَ ـ رضى الله عنه ـ أَنّهُ قَالَ صَلّى لَنَا رَسُولُ ا

ِ صلى الله عليه وسلم رَكْعَتَيْنِ مِنْ بَعْضِ الصّلَوَاتِ ثُمّ قَامَ فَلَمْ يَجْلِسْ،

َ فَقَامَ النّاسُ مَعَهُ، فَلَمّا قَضَى صَلاَتَهُ وَنَظَرْنَا تَسْلِيمَهُ كَبّرَ قَبْلَ التّسْلِيم

فَسَجَدَ سَجْدَتَيْنِ وَهُوَ جَالِسٌ ثُمّ سَلّم

«Пайғамбарымыз намаздың бірінде бізге имам

болып тұрғанда екінші рәкағаттан кейін (әуелгі

отырысқа) отырмай тұрып кетті. Арттағы жа-

мағат та онымен бірге тұрды. Намаздың соңында

«сәлем беруін» күтіп тұрдық. Ол кісі тәкбір айтып

отырған күйі сәлем берместен (қосымша) екі сәжде

жасады. Артынша отырып, сәлем берді»

171

.

Осы жерде айта кетелік, Ханафи мәзһабында сәһу

сәждесі оң жағына бір рет сәлем бергеннен кейін

жасалады. Өйткені, Сахих Мүслімде келген тағы бір

хадисте Абдулла ибн Масғұд:

عن عبد الله أنّ النّبيّ (صلى الله عليه و سلم) سَجَدَ سَجدَتَي السّهوِ،

بَعدَ السّلامَ و الكلام. رواه مسلم

171

Сахих Мүслім- 570-хадис.