Previous Page  88 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 88 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

88

«МенМәдина қаласына келгенімде өз-өзіме «ардақ-

ты Пайғамбарымыздың намазды қалай оқитынын

көруім керек» дедім. (Барып қарағанымда) Ол кісі

тәшәһһүдте сол аяғын төсеп, сол қолын соның үстіне

қойды, яғни, сол аяғының санына. Сосын оң аяғын

(башпайларын құбылаға қаратып) тіктеді»

175

.

Хадисші ғұлама Тирмизи

«Бұл хадис - хасан, сахих.

Суфян әс-Саури және куфалық ғалымдардың жолы»,

деп баға берген.

Сондай-ақ, хадисші ғалым Нәсәи риуаят еткен бас-

қа сахих хадисте сахаба Абдулла ибн Абдулла ибн

Омар (Омардың немересі) әкесінен (яғни, Абдулла ибн

Омардан) естігенін былайша жеткізеді:

ِ

عن عبد الله بن عبد الله بن عمر عن أبيه، قال: مِنْ سُنّةِ الص َّة

أَنْ يَنْصِبَ الْقَدَمَ الْيُمْنَى وَاسْتِقْبَالُهُ بِأَصَابِعِهَا الْقِبْلَةَ وَالْجُلُوسُ عَلَى

الْيُسْرَى. رواه النساي

«Башпайларын құбылаға қарата оң аяғын көтеріп,

сол аяққа отыру – намаз сүннеттерінің бірі»

176

.

4.

Тәшәһһуд отырысында саусақтарды тізеге же-

ткізіп, қолды санына қояды

177

.

Сахих Мүслімдегі хадисте Әмір ибн Абдулла ибн

Зүбәйір әкесінің (Абдулла ибн Зүбәйірдың) мына сөзін

риуаят етеді:

175

Тирмизи, «Кәйфаль Жулусу фит Тәшәһһуд» – 218 баб/292, 293 хадис;

Әбу Дәуіт, 179-баб, №957 хадис.

176

Нәсәи әс-Cүнәнүл-кубра – 373-бет/213-баб, №748 хадис.

177

Е.Ыбырайым, Н.Сайлауұлы, «Намаз оқып үйренейік» – 33-бет