Previous Page  92 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 92 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

92

«Кәғб ибн Ұжраны кездестірдім. Ол маған: «Саған

бір сый жасайын ба? Бір күні бізге Пайғамбарымыз

келген еді. Біз оған: Біз сізге намазда қалай сәлем

жолдауды үйрендік (әттәхият дұғасын үйрендік).

Енді сізге салауатты қалай айтамыз? – деп сұрағаны-

мызда, Ол (с.а.у.) былай айтыңдар деді: «Аллаһумма

салли алә Мухаммәдин уә алә әәли Мухаммәд. Кәмә

саллайта алә Ибраһима иннәкә хамидум мәжид.

Аллаһумма бәрик алә Мухаммәдин уә алә әәли Мухам-

мәд. Кәмә бәракта алә Ибраһима иннәкә хамидум

мәжид»,

– деді

185

.

Ибн Әби Шәйбаның риуаят етуі бойынша сахаба

Абдулла ибн Мәсғұд (р.а.) былай деген:

ِ

عن عبد الله قال يَتَشَهَدُ الرَجُلُ ، ثُمَ يُصَلِّي عَلَى النَبِيِّ صَلَى اَُ عَلَيْه

وَسَلَمَ ، ثُمَ يَدْعُو لِنَفْسِهِ. رواه ابن شيبة

«(Соңғы отырыста) Ер кісі тәшәһһуд дұғасынан

кейін Пайғамбарымызға салауат айтып, одан соң

өзіне дұға тілейді»

186

.

Бұл хадистен түсінгеніміздей, тәшәһһуд пен салауат

айтылғаннан кейін қандайда да бір дұға оқу– ұнамды

іс

187

. Умайр ибн Сағидтың айтуы бойынша Абдулла ибн

Аббас тәшәһһудтан кейін айтылатын дұғалардың ішінен

185

Ибн Мажә сүнәні, 25 баб/ 904-хадис; Сахих Мүслім – 192-бет/(405,406,

407) – 65,66,67. Бұхари-5996

186

Ибн Әби Шәйбә, Мұсәннаф, 1/264 бет.

187

Ибн Мажә шархы, әс-Сәнәди, 909 хадис түсіндірмесі.