Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
93
«Раббәна әтина» дұғасын да оқуды кеңес ететін
188
.
Ескерте кетелік, намазда оқылатын дұғамыз маз-
мұны жағынан Құран немесе сүннетте айтылған
дұғалардың ұқсасы болуы керек.
Өйткені, "Сахих Мүслімдегі" хадисте сахаба Муғауя
ибн әл-Хакәмның (р.а.) риуаят етуі бойынша Алланың
Елшісі (с.а.у.) былай деген:
إنّ هذه الصلاةَ لا يَصلُحُ فيها شئٌ من كلام الناسِ. إنّما هوَ التسبيحُ“
و التكبيرُ و قراءةُ القران”. رواه مسلم
«Шын мәнінде, намазда адам сөзі араласпауы
керек. Намаз тәспихтан, тәкбірден және Құран аят-
тарын оқудан тұрады»
189
.
188
Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф, 1/263-бет, №3025 хадис.
189
Сахих Мүслім – 24-бет/7-баб/ 33-(537) хадис.