Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
98َِ
أنَ وَائِلَ بن حُجْرٍ أخبره قال قلت لََنْظُرَنَ إلى ص ََةِ رسول ا
صلى الله عليه وسلم كَيْفَ يُصَلِّي فَنَظَرْتُ إليه ....ثُمَ قَبَضَ اثْنَتَيْنِ من
أَصَابِعِهِ وَحَلَقَ حَلْقَةً ثُمَ رَفَعَ إِصْبَعَهُ فَرَأَيْتُهُ يُحَرِّكُهَا يَدْعُو بها
Уайл ибн Хужрдан риуаят етілді. Ол былай деді:
«Алла елшісінің қалай намаз оқитынын көргім келді.
Сөйтіп, ол кісінің былай оқығанын көрдім... Сосын
бас бармақ пен ортаңғы теректі біріктіріп, дөңгелек
пішінге келтірді.
Одан кейін сұқ саусағын көтерді де ұдайы қимыл-
датып, дұға ете бастағанын байқадым»
198
.
Біріншіден, Уайл ибн Хужрдан риуаят етілген бұл
хадистің мәтініне «қимылдататын еді» деген етістіктің
артынан қолданылғанын ескерейік. Себебі, Уайл
ибн Хужрдан риуаят етілген бұл хадисті оннан аса
хадис ілімінің хафиздары риуаят еткен кезде «ишарат
етеді» деген сөзбен ғана шектелген. Ешқайсысында
«қимылдататын еді» делінбеген. Ал, хадис ілімінде
белгілі бір хадисшінің жеткізген риуаяты өзінен де
сенімді басқа хадисшінің жеткізген риуаятына қайшы
келіп жатса, онда ол хадис «шәзз» болып есептеледі. Ал,
хадистің сахих болуы үшін оның «шәзз» болмауы шарт.
Бұған қоса, Абдулла ибн Зубайрдан риуаят етілген сахих
хадисте саусақтың үздіксіз қимылдатылмайтындығы
анық білдірілген. Сондай-ақ, Мүслімдегі хадисте де
198
Ахмет ибн Шаъб Әбу Әбдірахман ән-Насаий, Сунану ән-Насааийл-
кубра, 1-том, 310-бет. «Дарул-кутубил-ъилмия» баспасы, Бәйрут, 1994 ж.