Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
100
Ал, «саусақты қимылдату – шайтанға тоқпақ» де-
ген түсінікке келер болсақ, біріншіден, бұл мағынада
риуаят етілген хадистердің бәрі әлсіз. Екіншіден, бұл
хадистегі «темірден де қатты» деген сөз тіркесін тура
мағынасында емес, ауыспалы мағынасында түсіну
керек. Мысалы, Ахмет ибн Ханбалдың «Мүснәдында»
келтірілген Нафиътың риуаятын тарқатып түсіндіріп
көрейік.ِ
عَنْ نَافِعٍ قَالَ كَانَ عَبْدُ اَِ بْنُ عُمَرَ إِذَا جَلَسَ فِي الص ََةِ وَضَعَ يَدَيْه
َ عَلَى رُكْبَتَيْهِ وَأَشَارَ بِإِصْبَعِهِ وَأَتْبَعَهَا بَصَرَهُ ثُمَ قَالَ قَالَ رَسُولُ اَِ صَلَى
اَُ عَلَيْهِ وَسَلَمَ لَهِيَ أَشَدُ عَلَى الشَيْطَانِ مِنْ الْحَدِيدِ يَعْنِي السَبَابَة
«Нафиътан риуаят етілді. Ол былай деді:
«Абдуллаһ ибн Омар намазда отырғанда екі қолын
тізесіне қоятын да саусағымен ишарат ететін.
Көзін саусағына жүгіртетін. Сосын Алла елшісі: Бұл,
яғни, сұқ саусақ шайтанға темірден де қатты»,
–
деп, айтты, – деді»
200
.
Бұл хадис «Алладан басқа тәңір жоқ» деген
мағынаны білдіретін «иллаллаһ», деп, айтылған кезде
сұқ саусақты көтеріп, Алланың бір, дара екендігіне
ишарат ету – бейнебір шайтанды темірмен ұрғандай
деген мағынаға саяды. Яғни, Алла бір, деп, саусағыңды
көтеріп, ишарат етуің шайтанға ауыр соққы болып
тиетін амал. Әйтпесе, қолдың астында шайтан тұр,
200
Ахмет ибн Ханбал Әбу Әбділаһ әш-Шайбани, Мұснаду Ахад ибн
Ханбал, 2-том, 119-бет. «Мұссисату Қуртуба» баспасы, Мысыр.