Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
101
саусақты үздіксіз қимылдатқан сайын шайтанның
басынан ұрасың дегенді білдірмейді. Бірақ, хадистің
астарына терең үңілмейтін, танымы таяз бәзбір жандар
мұны осылай түсініп жүргені өкінішті-ақ.
Бұл жайлы Хафиз Әбу Бәкір Ибнул-Араби әл-
Мәлики «Ъаридатул-ахуази» атты Тирмизиге жазған
түсіндір-месінде былай дейді:
«Тәшәһһудта саусақтарыңды үздіксіз қимыл-
датудан сақ болыңдар!... Сұқ саусақты үздіксіз қимыл-
датсаң, шайтанға ол тоқпақ болады дейтіндерге таң
қаламын. Біліп қойыңдар! Сендер шайтанға бір сау-
сақтарыңды қимылдатсаңдар (бір рет ұрсаңдар), ол
сендерге он рет қарсы қимылдатады (Яғни, намазда
көңілдеріңді қажетсіз бос нерсеге бұру арқылы
сендерді он рет ұрған болады). Шын мәнінде, шайтанды
саусақтарыңды үздіксіз қимылдатумен емес, оны
өздеріңнің ықыластарыңмен, Алла алдында шынайы
берілулеріңмен (хушууъ), зікір-дұғаларыңмен, Аллаға
сыйынуларың арқылы тоқпақтайсыңдар»
201
.
202
201
әл-Имамул-Хафиз Ибнул-Араби әл-Мәлики, Ъаридатул-ахуази бишархи
сахихут-тирмизи, 2-том, 85-бет. «Дарул-кутубил-ъилмия» баспасы,
Мысыр.
202
Қ. Жолдыбайұлы, Дін мен діл -2